Күтпеген қуаныш. Әр адамға қуаныш сыйлау кез - келген адамның қолынан келе бермес. Бүгін бір инстаграм желіме бір xат келді. Көп ашып қарамаушы едім. Бір қуаныштан үмітті жандай сезгендей ашып көріппін. Ашсам осы бір сурет. #Айгөлек журналы. Осы бір xат мені балалық шағыма сапар шектіріп қайтты. Қостанай обл. Амангелді ауданында жүрмін. Я мен бұрынғы Торғай обл. Қазіргі Қостанай обл. дүниеге келгенмін. Мектеп табалдырығында Алматыны армандап жүруші едім. Сол арман адастырмай қазіргі таңда Алматым көзімді ашсам да жұмсамда көз алдымда. Ауасын жұтып, топырағын басып жүрмін. Айгөлекке үнемі xат жолдап тұрғандарды Алматы шақырады деп еститінмін. Оның үсіне өнерімді дамыту еді. Ауылда өзеннен су тасып ішетінбіз бала кезде. Мені бала қылып алдап суға жұмсағанда жаңа дәптер немес қалам әперем десе әкем сөзін екі айтқызбайды екенмін. Сөйтіп жүріп өлеңге әнге құмар болдым. Жігітке жеті өнерде аз. Жаңағы жіберген кісі өзінің кішкене қызына оқытып отыр екен. Міне мен үшін шыңға шығу бір баспалдағы басылды. Дән ризамын. Өте қуаныштымын. Әңгімемді толық оқысаңыз өлігін көрсетпеген, бала кезімде менімен суға еріп баратын "Құтжол" деген итімде жүр. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Армандар армандағанды қалайды. Бақыттылардың бақыттысы бол деп тілегін білдіріп, осы бір қуанышты сыйлаған жерлесіме дән ризамын. Алла разы болсын. Қостанай обл. Амангелді ауд. Үрпек ауылы. Айгөлек журналы.